Зеленский: НАТО Украинаға айына 5 миллиард доллар беруі керек
Маусым 30, 2022 13:07 Asia/Almaty
Бюджет тапшылығына тоқталған Украина президенті Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) Украинаға ай сайын 5 миллиард доллар төлеуі керектігін айтты.
Украина Президенті Владимир Зеленский НАТО-ға мүше елдерді Ресеймен соғыс жағдайында Киевке қолдауды арттыруға шақырып: «Киевтің жеңілуі Мәскеу мен Батыс арасындағы «кешіктірілген» соғысқа әкеледі»,- деп уәжденді. Зеленский Украинаның Ресей мен НАТО блогы арасындағы «сұр аймақта» қалу мүмкіндігін жоққа шығарып: «Қақтығыс аяқталғаннан кейін Украина Батыстың қауіпсіздік архитектурасында жақсы орын алуы керек»,- деді.