Кабулда ауған ғұламалары отырысы жерінде қарулы қақтығыс болды
Шіл 01, 2022 12:43 Asia/Almaty
Ауғанстан ғалымдарының Кабулдағы басқосуымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары шара өтетін орынның айналасында бірнеше жарылыс пен қарулы қақтығыстардың болғанын хабарлады. Ұлттық азаттық майданы деп аталатын топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алып: «Оның мақсаты Талибанды жою болды»,- деді. Талибан өкілі: «Жиын болған жерде ешқандай проблема болған жоқ, қауіпсіздік күштері күдіктіге оқ жаудырды»,- деп мәлімдеді.