Алматыдағы Иран тауарларының көрмесі; Иранның экспорттық мүмкіндіктерін көрсету
https://parstoday.ir/kz/news/world-i62216-Алматыдағы_Иран_тауарларының_көрмесі_Иранның_экспорттық_мүмкіндіктерін_көрсету
Алматы қаласында Иран Ислам Республикасы тауарларының ең ірі көрмесі басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 03, 2022 09:47 Asia/Almaty

Алматы қаласында Иран Ислам Республикасы тауарларының ең ірі көрмесі басталды.

 

Алматыдағы көрмеде азық-түлік, химия, болат, машина жасау, жол және құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық және инженерлік қызмет көрсету салаларындағы 60-тан астам ирандық компания экономикалық белсенділер, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін соңғы жетістіктерін ұсынуда.

ИИР-ның Қазақстандағы Елшісі Маджид Сабер  Алматыда  Iran Press тілшісіне берген сұхбатында: «Иранның әртүрлі салаларда жақсы мүмкіндіктері бар және бұл мүмкіндіктер Алматы көрмесінде көрсетілді»,- деді.

Қазақстанның Алматы қаласындағы көрме орталығында сенбі күні басталған Иран тауарларының көрмесі 3 күнге  жалғасады.