Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i62326-Жапонияның_бұрынғы_премьер_министрі_қайтыс_болды
Бүгін жұма күні таңертең нысанаға алынған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 08, 2022 16:25 Asia/Almaty
  • Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Бүгін жұма күні таңертең нысанаға алынған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды.

Синдзо Абэ бүгін, жұма күні парламенттік сайлауға үгіт-насихат жүргізіп жатқан Нара қаласында сөз сөйлеген кезде басына оқ тиіп, қайтыс болды. Қауіпсіздік күштері оқ атқан 41 жастағы Жапония әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қызметкері Тецуя Ямагамиді қамауға алды.

Синдзо Абэ ең ұзақ уақыт (2012 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың қыркүйегі) Жапонияның премьер-министрі болды.