Ресей бидай сатып алушылар үшін жаңа төлем үлгісін енгізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i62360-Ресей_бидай_сатып_алушылар_үшін_жаңа_төлем_үлгісін_енгізді
Ресей бидайды тек рубльмен төлегісі келетін дос елдерге жіберетінін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 09, 2022 13:12 Asia/Almaty
  • Ресей бидай сатып алушылар үшін жаңа төлем үлгісін енгізді

Ресей бидайды тек рубльмен төлегісі келетін дос елдерге жіберетінін мәлімдеді.

 

Fars ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметі бойынша, Ресей ауылшаруашылық өнімдерінің ірі коммерциялық және логистикалық операторы Ресейдің астықты шетелге ұлттық валютамен және тек дос елдерге сатуды бастағанын хабарлады. Ресей астық одағының басшысы Дмитрий Сергеев әзірге Мысыр ресейлік бидайдың ең ірі тұтынушысы екенін және Түркиядағы серіктестермен жалпы сомасы 3 миллиард рубльді (47 миллион доллардан астам) құрайтын бірнеше келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.

Ресей әлемдегі ең ірі бидай экспорттаушы болып табылады. Владимир Путин мамыр айында: «Биылғы астық жинау ең үлкен болуы мүмкін, өйткені Ресейде 130 миллион тонна астық, оның ішінде 87 миллион тонна бидай жиналады деп күтілуде»,- деді.