Иран мен Өзбекстан сауда айналымын екі миллиард долларға дейін арттырғысы келеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Өзбекстан Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасымен кездесуінде екі ел арасындағы сауда айналымының екі миллиард долларға дейін ұлғаюына тоқталды.
Khane Mellat ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Бақер Калибаф Ташкентте сапары барысында Өзбекстанға сапарының ең маңызды жетістіктерінің бірі экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастарды ілгерілету болуы керектігін мәлімдеп: «Сауда алмасу көлемін екі миллиард долларға дейін ұлғайту – бұл сапардың мақсаттарының бірі»,- деді. Калибаф сонымен қатар АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты санкцияларына және олардың барлық халықаралық заңдарға қайшы келетніне сілтеме жасап: «Санкцияларға қарамастан, Иран инженерлік, кибер, денсаулық сақтау, ғылыми және білімге негізделген қызметтер салаларында алдыңғы қатарлы елдердің бірі болуда»,- деп сөзін жалғады.
Нурдинжон Исмоилов сондай-ақ: «Иран мен Өзбекстан экономикалық және мәдени ынтымақтастықтар үшін жоғары мүмкіндіктерге ие, әсіресе екі елдің транзит саласындағы әлеуеті жоғары және екі елдің парламенттік қарым-қатынастарын дамыту экономикалық және мәдени алмасуларды арттыруға көмектесе алады»,- деді.