Дүниежүзілік математикалық олимпиадада ирандық студенттер жарқырады
Шіл 16, 2022 10:16 Asia/Almaty
Ирандық студенттер 2022 жылғы Дүниежүзілік математикалық олимпиадаға қатысушы 104 елдің арасында әлем бойынша 8-ші орынға ие болды.
ИИР Ұлттық математикалық олимпиада командасы Норвегияның астанасы Ослода өткен 2022 жылғы 63-ші Дүниежүзілік олимпиадада 104 қатысушы елдің арасында әлем бойынша 8-ші орынға ие болды. Осы жарыстар кезеңінде Иранның 6 адамдық командасы үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алып, әлемдік жарыстардың осы кезеңінде үздік сегіз елдің қатарына кіре алды.