Ресей Қорғаныс министрі Украинаға күтпеген сапармен барды
Ескертілмеген сапарында Ресей Қорғаныс министрі Украинадағы ресейлік әскерлерді аралап, қолбасшылармен кездесті.
Ресей Қорғаныс министрлігі сенбі күні елдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу оңтүстіктегі күштердің қолбасшысы Сергей Суровикинмен, Украина орталық күштерінің қолбасшысы Александр Лапинмен және басқа да жоғары әскери басшылармен кездескенін хабарлады.
Осыған байланысты Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы [Украинаның] барлық аймақтарында орналасқан бөлімшелердің әрекетін күшейту туралы қажетті тапсырма берді. Бұл тапсырманың мақсаты Киев режимінің Донбасстағы және басқа аудандардағы азаматтық инфрақұрылымдар мен елді мекендерге зымырандық және ауыр артиллериялық шабуыл жасау мүмкіндігінің алдын алу»,- деп айтылды.