Украинаның екі шенеунігі қызметінен босатылды
Шіл 18, 2022 09:01 Asia/Almaty
Украина президенті осы елдің екі жоғары лауазымды шенеунігін қызметінен босатты.
Владимир Зеленский Украинаның Ішкі қауіпсіздік ұйымының басшысы мен Бас прокурорын қызметінен босатқаннан кейін түрлі ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің сатқындығын тексеріп жатқанын айтты.
Украинаның осы екі жоғары лауазымды шенеунігінің қызметінен алынуы - соғыс басталғаннан бері ел үкіметіндегі ең маңызды өзгеріс. Осыдан біраз уақыт бұрын Украина президенті елдің бірнеше елдегі, соның ішінде Германиядағы елшілерін қызметінен босатты.