Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Ядролық келісімге жақын немесе алыс болу АҚШ-тың саяси шешіміне байланысты
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран ядролық келіссөздерде көп жеңілдік жасады. Ядролық келісімге жақын немесе алыс болу АҚШ-тың саяси шешіміне байланысты»,-деді.
Насир Кянани Чафи дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен апталық отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы келіссөздерге қатысты: «Иран келіссөздерде жақсы жеңілдік жасады. Мықты да берік келісім – Иранның қалауы. Көптеген бастамалар да ұсынды. Егер америкалық тарап жағымды да конструктивті әрекет етсе, мықты та берік келісімге қол жеткізу де алыс емес»,-деді.
Кянани Чафи Ресей Президенті Владимир Путиннің Теһранға сапары және Иранның Украинадағы соғысты қолдайтыны туралы түрлі ақпараттар таралғанына қатысты: «Иран кез келген елде әскери жолдың қолданылуына қарсы. Қайшылықтар саяси жолмен шешілуі тиіс. Иранның Украина соғысына қатысты ұстанымы өзгерген жоқ. ИИР ешбір елде соғыс пен қақтығыстың болуын қаламайды»,-деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанда Талибанның уақытша үкіметін ресми түрде тану туралы: «Ауғанстан – Иранның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі. Теһран Ауғанстанда жетекшілік ететін топ және көршілес елдермен сындарлы әріптестік жасап, осы елде тұрақтылық пен тыныштық орнауына көмектесуге тырысады»,-деді.