Лавровтың Африкаға сапары – Ресейдің жаңа мұрсаттар табуға талпынысы
(last modified Mon, 25 Jul 2022 15:49:42 GMT )
Шіл 25, 2022 21:49 Asia/Almaty
  • Лавровтың Африкаға сапары – Ресейдің жаңа мұрсаттар табуға талпынысы

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жексенбі күні, 24 шілдеде Африка елдеріне 5 күндік кезекті сапарын Мысырдан бастады. Лавров Эфиопия, Уганда мен Конго демократиялық республикасына да сапар шегіп, осы елдердің басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.

Лавровтың Мысырға сапары мен осы елдің басшыларымен кездесуі барысында түрлі тақырыптар талқыланғанымен Мысырдың Ресей мен Украинадан импортталатын азық-түлікке, соның ішінде бидайға тәуелділігіне және Украинадағы соғыс салдарынан импорт саласында туындаған қиындықтарға байланысты келіссөздердегі басты мәселелердің бірі осы қиындықты шешу жолдарын табу болған сыңайлы. Әрине Мәскеу Батыс елдерін Ресейден стратегиялық өнімдер, соның ішінде бидайды экспортттау жолдарына кедергі жасады деп сан рет айыптады. Лавров Стамбұлда қол қойылған астық экспорттау туралы келісімнің сәтті болатынына үміт білдіріп, Ресейге қарсы салынған санкциялар осы ел астығының экспортталуына және сауда кемелерінің қатынауына кедергі болып отыр деп баса айтты.

Лавров: «Мәскеу БҰҰ «азық-түлік келісімінің» бір бөлігі ретінде астық экспортына кедергі болып отырған заңсыз санкцияларды жоя алады деп үміттенеді»,-деді. Мұнымен қоса, Ресей Сыртқы істер министрінің Мысырды Африкаға кезекті сапарының алғашқы аялдамасы ретінде таңдауы осы елдің Мәскеу үшін маңыздылығын және Каир үкіметінің Украина соғысына қатысты ұстанымына алғыс айтқанын көрсетеді.

Ресей Сыртқы істер министрінің Африка елдеріне кезекті сапарында көздеген басты мәселе Мәскеуді саяси оқшауланудан шығарып, осы құрлық елдерімен саяси-дипломатиялық әріптестігін арттырып, онда жаңа саяси-экономикалық  мүмкіндіктер мен нарықтар табуға талпыну болып отыр.

АҚШ бастаған Батыс елдері Украинада соғыс басталғалы бері барлық салаларда Ресейге қарсы ең ауыр санкциялар салды. Бұл Мәскеудің түрлі қиындықтарға ұшырауына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда Ресейдің жаңа саяси және сауда-экономикалық серіктестер тауып, Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын қолдамаған, түрлі салаларда Мәскеумен қарым-қатынасты сақтауды қалайтын елдермен байланысты кеңейтуге талпынуы – табиғи нәрсе.

Тегтер