Шіл 26, 2022 17:37 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңесі Түркияның Ирактың солтүстігіне жасаған шабуылын айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні төтенше отырысында Түркияның Ирактың солтүстігіндегі Дахук облысына жасаған артиллериялық шабуылын айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасап, Дахук облысына жасалған артиллериялық шабуылды айыптап, Ирактың аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтынын мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесі мүше елдердің барлығын Ирак үкіметі мен басқа да тиісті басшылармен әріптесіп, белсенді түрде тергеуге қатысуға шақырды.

Түркия армиясы өткен сәрсенбіде Ирактың Дахук облысындағы Парерах демалыс орнын нысанаға алды. Соның салдарынан  9 бейбіт адам қаза тауып, 23 адам жараланды.

 

Тегтер