Там 03, 2022 19:38 Asia/Almaty
  • Ресей: Әзірбайжан күштері Қарабақтағы бітім келісімін бұзды

Ресей Қорғаныс министрлігі: "Өткен 24 сағата Қарабақ аймағында Әзірбайжан күштерінің атысты тоқтату бітімін үш рет бұзғаны тіркелді",-деді.

Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні кешке өз мәлімдемесінде: "Қарабақ аймағында Әзірбайжан күштерінің атысты тоқтату бітімін үш рет бұзғаны салдарынан бір әскери жараланды",-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: "Ресейдің бітімгершілік күштері Әзірбайжан мен Армения тараптарының өкілдерімен әріптесе отырып, осы жағдайды шешті. Олар Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімінің сақталуын қадағалайды",-делінген.

Әзірбайжан мен Арменияның шекаралық күштері 2020 жылы 44 күндік соғыстан кейін сан рет бір-бірімен қақтығысып, қарсы тарапты бітім келісімін бұзды деп айыптап келеді.  

 

Тегтер