Там 04, 2022 14:45 Asia/Almaty
  • Тәжікстан Президенті Раисиге көңіл айтты

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон сәрсенбі күні Иран Президенті Ибраһим Раисиге хат жолдап, соңғы күндерде Иранда болған су тасқыны салдарынан бірқатар адамның қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.

Соңғы күндері Иранның түрлі аудандарында болған қатты жауын-шашын салдарынан өзендер арнасынан асып, су тасқыны болды. Сел салдарынан осы күнге дейін кемінде 76 адам қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан Президенті осы хатта Иран үкіметі, халқы мен селден қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтып, зардап шеккендерге денсаулық тіледі.

 

Тегтер