Иран Сыртқы істер министрі "Біртұтас Қытай" саясатын қолдайтынын айтты
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Теһран үкіметінің "Біртұтас Қытай" саясатын қолдайтынын айтып: "АҚШ-тың арандатушы әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатерлі қоқан-лоққыға айналды",-деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні АҚШ Конресі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидың Тайванға сапарынан кейін Твиттердегі жеке парақшасында қытай тілінде: "Мемлекеттердің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау – халықаралық құқықта танылған негіздердің бірі",-деп жазды.
Амир Абдуллахиан: "Осы аяда ИИР-ның «біртұтас Қытай» принципін қолдайтынында күмән жоқ. АҚШ-тың арандатушы әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатерлі қоқан-лоққыға айналды",-деп қуаттады.
ИИР-дың "Біртұтас Қытай" саясатын қолдайтынын жариялауы Теһран-Бейжің қарым-қатынасын одан ары нығайту және АҚШ-тың Қытайдың ішкі ісіне араласу саясатына Иранның түбегейлі қарсы екенін көрсету үшін жасалды.
АҚШ-тың Қытайға қарсы жасалған арандатушы әрекеттерінің бірі сейсенбі күні АҚШ Конресі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидың Тайванға сапары болды.
АҚШ-тың Қытайдың ішкі ісіне араласу саясатына қарсылық білдіріп, Бейжіңді ашық түрде қолдау Иран мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынасын нығайту үшін жасалды. Соңғы жылдарда Иран мен Қытайдың байланысы қарқынды дамыды. Екі ел АҚШ-тың үстешіл саясатымен күресу үшін ортақ ұстаным білдірді. 25 жылдық ынтымақтастық бағдарламасы қос тараптың қатынасында бетбұрыс нүктесі саналады. Осы орайда Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Қытай Президенті Си Цзиньпин жуырдағы телефон арқылы сұхбатта өзара ынтымақтастықты дамытуға қатысты бастамалар көтеріп, өзара қарым-қатынастың даму үдерісіне және өткен жылы екі ел сауда айналымының артқанына ризалық білдіріп, 25 жылдық ынтымақтастық бағдарламасын орындау үдерісін тездету және дамыту жолдары жайлы келісті.
Иран мен Қытай екіжақты мүдделер және ортақтықтармен қоса, аймақтық және трансаймақтық мәселелер жөнінде ортақ көзқарастарға ие болғандықтан, осы салада қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға көп мүмкіндіктері бар.