Хушроу: Қауіпсіздік кеңесі жалған қатерлерді сылтауратып әртүрлі елдерге санкция сала алмайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i631-Хушроу_Қауіпсіздік_кеңесі_жалған_қатерлерді_сылтауратып_әртүрлі_елдерге_санкция_сала_алмайды
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесінің жалған қатерлерді сылтауратып әртүрлі елдерге санкция сала алмайтынын айтты.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Ақп 12, 2016 14:52 Asia/Almaty
  • Хушроу: Қауіпсіздік кеңесі жалған қатерлерді сылтауратып әртүрлі елдерге санкция сала алмайды

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесінің жалған қатерлерді сылтауратып әртүрлі елдерге санкция сала алмайтынын айтты.

Ғоламали Хушроу Қауіпсіздік кеңесінің «Санкция салу комитеттерінің амалдары» атты арнайы отырысында Қауіпсіздік кеңесінің әртүрлі елдерге қарсы санкцияларын тек осы елдер тарапынан шынайы қатердің барлығы дәлелденген жағдайда ғана негіздеуге болатынын айтып: «Қауіпсіздік кеңесі жалған қатерлерді сылтауратып елдерге санкция сала алмайды.

Санкциялар халықты жазалау немесе саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылмауы тиіс. Санкциялар ең соңғы шешім жолы ретінде қарастырылуы керек. Оған дейін қайшылықтарды шешудің барлық бейбіт жолдары БҰҰ жарғысының 6 тарауына сәйкес сынақтан өткізілуі қажет»,-деп қуаттады.