Там 11, 2022 14:42 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран аймақтың саяси географиясына қандай да бір өзгеріс енгізілуін қаламайды

ИИР Президенті Теһран үкіметінің аймақтың саяси географиясына қандай да бір өзгеріс енгізілуін қаламайтынын айтып: «Теһран Кавказ аймағында бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, оны дамыту үшін бар күш-қуатын салуға дайын»,-деді.

Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сұхбатында екі елдің қарым-қатынасын тарихы терең байланыс деп атап, Теһран мен Ереванның тұрақты экономикалық әріптестігі деңгейін жоғарылату үшін арнайы бағдарлама жасау керегін айтты.  

Иран Президенті соңғы күндері Кавказда болған қақтығыстарға тоқталып: «Үш тараптың атысты тоқтату бітімінің баптарына берік болуы және мәселелерді диалог және дипломатиялық жолдармен шешу – Кавказ аймағында тыныштық пен қауіпсіздік орнатудың ең жақсы жолы»,-деді.

Тегтер