АҚШ Жоғары сотының қаулысы Иранның мүлкіне қол сұғу болып табылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i6316-АҚШ_Жоғары_сотының_қаулысы_Иранның_мүлкіне_қол_сұғу_болып_табылады
ИИР Сот органының төрағасы АҚШ Жоғары сотының Иранға қарсы қаулысын Иранның мүлкіне қол сұғудың бір түрі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 26, 2016 11:26 Asia/Almaty
  • АҚШ Жоғары сотының қаулысы Иранның мүлкіне қол сұғу болып табылады

ИИР Сот органының төрағасы АҚШ Жоғары сотының Иранға қарсы қаулысын Иранның мүлкіне қол сұғудың бір түрі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі тілшісінің хабарлауы бойынша, ИИР Сот органының төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани Жоғары сот жауапты тұлғаларының дүйсенбі күнгі отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ Жоғары сотының Иранға қарсы таяудағы шарасын айыптап: «Америкалықтар өзінің Жоғары сотында сорақы қаулы қабылдады. 30 жыл бұрын өздері жаулап алған елде болған оқиғаны ешбір дәлелсіз Иранға теліп отыр»,-деді.

Садеқ Амоли Лариджани осындай мәселені көтеруді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухына қайшы деп атап: «Иран үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі осындай әрекеттерге күш-қуатпен қарсы тұруы тиіс. Иранның барлық жауапты тұлғалары мен халқы АҚШ-тың амал-әрекеттеріне қатысты қырағы болуы тиіс. Сот органы да үкіметтен қолынан келген көмегін аямайды»,-деді.