Иран СІМ: Айғай-шу АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i63180-Иран_СІМ_Айғай_шу_АҚШ_ты_ақтап_алуға_көмектеспейді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың жаңа сценарийін бір халықаралық қылмысқа жауапкершілік алудан қашу мақсатында жасалған әрекет деп атап: «Айғай-шуды жалғастыру АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 12, 2022 12:44 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: Айғай-шу АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың жаңа сценарийін бір халықаралық қылмысқа жауапкершілік алудан қашу мақсатында жасалған әрекет деп атап: «Айғай-шуды жалғастыру АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді»,-деді.

Насер Канани Чафи жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа сценарийі туралы: «Айғай-шуды жалғастыру АҚШ-ты ақтап алуға көмектеспейді. Керісінше оны Иран мен әлем халықтары алдында жиренішті ете түседі»,-деп жазды.  

АҚШ-тың Әділет министрлігі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының мүшесі болған Иран азаматы Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонға террор жасауға талпынды деп айыпталды»,-деп уәж айтты.