Жаңа жүк пойызымен Қытайдың шығысы Орта Азияға жалғанды
Там 14, 2022 20:46 Asia/Almaty
Қытайдың жергілікті басшылары: "Бір жаңа жүк пойызы Қытайдың шығысындағы Гуанчжоу облысының Уси қаласынан Орта Азия елдеріне жол тартты",-деп мәлімдеді.
China Daily газетінің хабарлауынша, бұл пойызда құны 30 млн юаньды (4,4 млн доллар) құрайтын мың тонна тауар тиелген. Соның ішінде полиэфир ұнтағы, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар, көлік бөлшектері мен басқа тауарлар бар.
Бұл пойыз Гуанчжоу облысының Лиан Ганг қаласы арқылы 20 күннің ішінде Қазақстанға, содан соң Өзбекстанға жетеді.
Пойыз арқылы тауар тасымалдау теңіз жолынан қарағанда 20 күнге қысқа болады.