Армения астанасында болған жарылыстан зардап шеккендер саны артты
Там 15, 2022 14:47 Asia/Almaty
Армения астанасындағы Сурмалу базарында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 51 адамға жетті.
Бұдан бұрын жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 34 адам жараланды деп айтылған еді.
Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Хайек Костанян «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қазірге дейін бұл жарылыстан 51 адам жараланды»,-деді.
Ереван қаласының оңтүстігінде орналасқан Сурмалу базарының бір ғимаратында жарылыс болды. Ол жерде пиротехникалық заттар сатылатын.
Қирандылардың астында қанша адам қалғаны белгісіз болғандықтан қаза болғандар саны артуы мүмкін.