Еуропалықтардың Украинаға көмегі айтарлықтай азайды
"Политика" басылымының жазуынша, Еуроодақтың негізгі 6 елі 2022 жылы шілде айында Украинаға ешқандай көмек жібермеген. Бұл Еуропаның қорғаныс саясатында тарихи өзгерістер болғанына қарамастан, Украинаға әскери көмек беру азайып бара жатқанын көрсетеді.
Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италия мен Польша уәде еткен деңгейде Украинаға көмектеспеді. Киев басшылары Еуропаның ірі елдері АҚШ сияқты көмек жіберу ісіне берік емес де сан рет мәлімдеді.
Еуропа Парламентінің мүшелері мен бірқатар сарапшылар осы мәселені ескертті. Украинаға көмектерді бақылау (The Ukraine Support Tracker) тобының басшысы Кристоф Требеш: "Осы орган арқылы жеткен деректер бойынша, Еуропаның Украинаға әскери көмек жіберу туралы міндеттемесін орындау үдерісі сәуір айынан бері бәсеңдеп келеді. Соғыс жаңа кезеңге аяқ басып жатса да, жаңа көмек жіберу жобалары азайып келеді",-деді. Еуроодақ коронавирустан кейін экономиканы қайта жандандыру бюджетіне 800 млрд доллар бөліп отырса да, оның Украинаға көмек көлемі осы сомамен салыстырғанда өте аз. Өткен аптада Дания астанасында Украинаға көмек жинау мақсатында өткен отырыста қатысушы елдер жалпы 1,5 млрд еуро табыстады. Требештің айтуынша, бұл сома бұрынғы конференциялармен салыстырғанда өте аз. Ресей сан рет жарияландай, Батыс елдерінің Украинаға көмек жіберуі тек соғыстың жалғаса түсуіне себеп болып отыр.
Еуропалықтардың Украинаға көмектерінің азаюына бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, еуропалықтар Украина соғысы осынша ұзаққа созылады деп ойламаған, мұнымен қоса, оның аяқталатынын білдіретін ешқандай нышан көрмей отыр. Еуропалықтар басында АҚШ-тың үгіт-насихатының әсерімен Украинаға айтарлықтай әскери құрал-жабдықтар жіберсе, Украина соғысындағы күш-қуат теңгерімін тез арада Украина армиясының мүддесіне қарай өзгертіп, Ресей армиясы мен оның Донбасс аймағындағы одақтастарын жеңіліске ұшыратуға жағдай жасаймыз деп ойлады. Алайда Украина соғысы алтыншы айға аяқ басты. Ресейліктер басып алған аудандарында өз позицияларын нығайта алды. Ал Украина армиясы Батыс елдерінің бұрын-соңды болмаған әскери көмектеріне қарамастан, ауыр адами шығынға ұшырап, өзінің бұрынғы позицияларынан кері шегінуге мәжбүр болды. Сол себепті Киевті қолдайтын Еуропаның ірі елдері қазір көмек жіберуді жалғастырғанның өзінде жағдай өзгереді дегенге сенбейді.
Бұдан маңыздырақ дәлел мынау: Еуропаның ірі елдерінде АҚШ-тағыдай қаржы-экономикалық қуат жоқ. Ресейге қарсы ауқымды санкциялардың кері әсерін ескерсек, олар қазір өте қолайсыз экономикалық жағдайға душар болып отыр. Әсіресе Ресейдің мұнайы мен газына санкция салу және Ресейдің қарымта әрекеті, яғни Еуропа елдеріне мұнай мен газ жөнелту көлемін күрт азайту бұл елдерде энергетика дағдарысын тудырумен қоса, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне себеп болды. Шын мәнінде Еуропа елдерінің Украинаға көмектесіп, Ресейге қысым жасауы осы елдердегі экономикалық жағдайдың одан ары ушыға түсуіне әкеліп соқтырды.