Киев Алекстандр Дугиннің қызының өліміне қатысын теріске шығарды
(last modified Mon, 22 Aug 2022 12:46:14 GMT )
Там 22, 2022 18:46 Asia/Almaty

Украина Президентінің кеңесшісі: "Путиннің жақын одақтасы Алекстандр Дугиннің қызының жол апатында қаза табуының Киевке еш қатысы жоқ",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Подоляк жексенбі күні кешке: "Путиннің жақын одақтасы Алекстандр Дугиннің қызы әрі ресейлік тілші Дарья Дугиннің жол апатында қаза табуына Киевтің еш қатысы жоқ",-деді.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жексенбі күні: "Егер Украинаның Дарья Дугиннің өліміне қатысы бары расталса, бұл мәселе Киев үкіметінің мемлекеттік терроризм саясатын ұстанып отырғанына меңзейді",-деп мәлімдеді.

Тегтер