Халықаралық күрес федерациясы ирандық балуандарды жеңімпаз деп таныды
Халықаралық күрес федерациясы осы күрес түрінен жастар арасында өткен жарыс жайлы есебінде ирандық балуандардың өнерін мақтады.
Болгарияда грек-рим күресінен жастар арасында өткен халықаралық турнир аяқталып, Иранның ұлттық командасы жеңімпаз атанды.
Халықаралық күрес федерациясы өз есебінде ирандық балуандар алған жүлделерге тоқталып: "Әлиреза Мұхаммади Болгарияда болған соңғы жарыста қола медаль алды, ал 20 жасқа дейінгілер арасындағы халықаралық жарыста Иран үшін 3 алтын алғандардың бірі болып отыр",-деді.
Иран жексенбі күні кешке осы жарыста 174 ұпаймен жеңімпаз атанса, Әзірбайжан 119 ұпаймен екінші, Украина 93 ұпаймен үшінші орын алды.
Әлиреза Мұхаммади финалда грузин Ачико Булквадземен белдесіп, 9:1 есебімен басым түсіп, алтын алды.