Там 23, 2022 19:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ Нұр-Сұлтандағы Украина елшісінің сөздеріне наразылық білдірді

Нұр-Сұлтандағы Украина елшісінің қазақ блогеріне берген сұхбатында айтқан сөздері Қазақстан СІМ мен Халық ассамблеясының наразылығын тудырды.

Нұр-Сұлтандағы Украина елшісі осы сұхбатта "Шамамыз жеткенше орыстарды өлтіруге тырысып жатырмыз. Қазір орыстарды қаншалықты көбірек өлтірсек, біздің балаларымыз соншалықты азырақ  өлтіретін болады",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Нұр-Сұлтандағы Украина елшісі Петр Врублевскийді шақыртып, оның 21 тамызда қазақ блогері Диас Кузаировке берген сұхбатында айтқан сөздеріне Қазақстан үкіметінің наразылығын білдірді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары мұндай сөздерді бір шет ел елшісің тұлғасына үйлеспейтін және қабылдауға келмейтін әрекет деп атап: "Мұндай әрекет елдер арасындағы достық қатынасқа нұқсан келтіреді",-деді.

Бұдан бұрын Қазақстан халық ассамблеясы мәлімдеме жасап, Нұр-Сұлтандағы Украина елшісінің сөздерін айыптап, достық, өзара көмек және бейбітшілік принципін негізге алған Қазақстанның көпэтносты қоғамында мұндай сөздер айтуға болмайтынын жеткізді.   

Тегтер