Иран: АҚШ күштері Сирияда заңсыз жүр
(last modified Fri, 26 Aug 2022 15:39:08 GMT )
Там 26, 2022 21:39 Asia/Almaty
  • Иран: АҚШ күштері Сирияда заңсыз жүр

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ күштерінің Сирияда заңсыз орналасып, оның тəуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаушыларға шабуыл жасағанын айыптады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚШ осы ел күштерінің Сирияның халықтық топтары мен лаңкестікке қарсы күштеріне соңғы шабуылын америкалық əскерилерге қарсы үздіксіз қоқан-лоққылар мен шабуылдарға тікелей жауап деп атады!",-деді.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Шын мәнінде АҚШ күштері Сирияда заңсыз жүр. Сондықтан осы елдің тəуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаушыларына шабуыл жасауы қатаң айыпталады",-деді.

АҚШ Президенті Джо Байден бүгін таңертең ел Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы мен Сенат палатасының уақытша төрағасына хат жолдап, америкалық күштердің Сирияның шығысына шабуыл жасағанын хабарлап, осы күштердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында осындай бұйрық бердім деп уəж айтты.

Тегтер