Татарстан экономикалық делегациясы Табризде экономикалық белсенділермен кездесті
Там 27, 2022 14:09 Asia/Almaty
Ресей Татарстан Республикасының экономикалық делегациясы Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Табризде экономикалық белсенділермен кездесті.
Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрі Олег Коробченко: «Иранға және бұл елдің Табриз қаласына Татарстанның 33 маңызды компаниясының өкілдерінен тұратын делегацияның сапары барысында ирандық компаниялармен мұнай-химия, газ, мұнай және автомобиль өндірісі салаларында екіжақты өте жақсы келісімдерге қол қойылды»,- деді.