Британдық газ бен электр қуатының төлемдері екі есеге артады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i63518-Британдық_газ_бен_электр_қуатының_төлемдері_екі_есеге_артады
Осы күні қымбатшылық Ұлыбританияны нысанаға алды. Биылғы күздің басынан газ мен электр қуатының бағасы екі есе өседі деген болжаулар айтылуда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 27, 2022 17:13 Asia/Almaty
  • Британдық газ бен электр қуатының төлемдері екі есеге артады

Осы күні қымбатшылық Ұлыбританияны нысанаға алды. Биылғы күздің басынан газ мен электр қуатының бағасы екі есе өседі деген болжаулар айтылуда.

 

Ресейлік газдың Еуропаға экспортының төмендеуінің салдары, әсіресе, Жасыл құрлықтың энергетикалық секторындағы шығындарды ұлғайтты және басқаларға қарағанда ресейлік ресурстарға көбірек тәуелді елдер көбірек зардап шекті.

New York Times газетінің сенбі күні хабарлауынша, Ұлыбритания үкіметі 2022 жылдың қазан айынан бастап бұл елдегі үй шаруашылықтары тұтынатын электр энергиясы мен газдың бағасы екі есеге жуық өсетінін жариялады. Reuters ақпарат агенттігі де энергияның қымбаттығы британдық қоғамдағы кейбір осал адамдарға орны толмас зиян келтіріп, олардың өміріне қауіп төндіргенін болжады.