Қазақстан Пәкістанда су тасқынынан зардап шеккендерге 400 мың доллар көмек жібереді
(last modified Thu, 01 Sep 2022 13:51:08 GMT )
Қыр 01, 2022 19:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан Пәкістанда су тасқынынан зардап шеккендерге 400 мың доллар көмек жібереді

Қазақстан Пәкістанда болған нөсер жауын мен су тасқыны салдарларын жою үшін осы елге 400 мың долларға гуманитарлық көмек жібереді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ресми статистика бойынша Пәкістанда болған табиғи апат салдарынан осы күнге дейін мыңнан аса адам, соның ішінде 343 бала қаза тауып, көптеген үйлер мен инфрақұрылымдар қирап, шамамен 35 млн адам азық-түлік пен баспанасыз қалды.

Пәкістанда табиғи апат салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 тамызда Пәкістанда су тасқынынан қаза болғандарға байланысты осы елдің Президентіне көңіл айтты.  

Қазақстанның Пәкістанға гуманитарлық көмегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен жүзеге асырылады.  

Тегтер