Ресей мен Батыстың энергетика саласындағы жаңа қарама-қайшылықтары
(last modified Sat, 03 Sep 2022 14:44:00 GMT )
Қыр 03, 2022 20:44 Asia/Almaty
  • Ресей мен Батыстың энергетика саласындағы жаңа қарама-қайшылықтары

«G7» деп аталатын әлемнің өнеркәсібі дамыған жеті елінің қаржы министрлері 2 қыркүйек, жұма күні онлайн отырысында ресейлік мұнай экспортына шекті баға белгілеуге келісті. Мәлімдемеде олар ресейлік шикі мұнай мен мұнай өнімдерін теңіз арқылы тасымалдауға шектеу қойғысы келетінін және Мәскеу бағаның шекті деңгейін орындаған жағдайда ғана осы елдің экспортталатын мұнайына тасымалдау қызметтерін көрсететінін жариялады.

 

G7 министрлері әлсіз елдердің энергетикалық нарықтарға, соның ішінде Ресейге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бағаны төмендетудің мақсатты тетіктерін құру туралы хабарлады. Сонымен бірге олар мұнай өндіруді арттыруды талап етіп, ОПЕК-тің өндірісті ұлғайту туралы шешімін құптады. Бұл әрекетті құптай отырып, Вашингтон ресейлік мұнай экспортына айтарлықтай зиян келтіретініне үміт білдірді. Ресей экономикасын барынша әлсіретіп, оның валюталық кірісін азайтуды көздеген G7 тобының бұл әрекеті Мәскеудің қатаң реакциясымен бетпе-бет келді. G7 тобының виртуалды кездесуі алдында Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік мұнайға шекті баға белгілеу бұл нарықтағы тұрақсыздыққа әкелетінін мәлімдеді.

Ресей батыстықтардың дұшпандық әрекеттеріне қарсы тұру үшін Еуропа континентіндегі өзінің батыс газ тұтынушыларына қарсы шаралар мен қысым жасау тәсілін қабылдады. Ресейлік «Газпром» компаниясы жұма күні: «Солтүстік ағын 1» құбырындағы ағып кетуден кейін Еуропаға негізгі газ тасымалдау желілерінің бірі болып табылатын бұл желі арқылы газ экспорты толығымен тоқтатылды. Бұл құбыр арқылы Еуропаға газ ағынын тоқтату жабдықтың ақауы толығымен жойылмайынша жалғасады. Осылайша, Еуропаға газ жеткізетін бұл маңызды құбыр белгісіз мерзімге жабылды»,- деп хабарлады.

Мәскеу тұрғысынан Еуропа елдері үшін екі-ақ жол бар. Бірінші жол – Ресейге қарсы санкцияларды жою және «Солтүстік ағын-2» газ құбырын іске қосу. Бұл іс жүзінде «Солтүстік ағын 1» құбырына қосымша болып табылады және қазір пайдалануға дайын, бірақ Германия үкіметінің кедергісі салдарынан пайдаланылмай қалды. Екінші жол - Ресейге қарсы қазіргі дұшпандық көзқарас пен саясатты жалғастыру. Бұл экономикалық мәселелердің шиеленісуіне және еуропалық азаматтардың өмірлік жағдайының одан сайын қиындауына әкеледі.

 

 

Тегтер