Карлуш Кейруш - Иран ұлттық футбол командасының жаңа бас бапкері
https://parstoday.ir/kz/news/world-i63782-Карлуш_Кейруш_Иран_ұлттық_футбол_командасының_жаңа_бас_бапкері
Иран ұлттық футбол командасының медиа менеджері Карлуш Кейруштің осы команданың бас бапкері болып таңдалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 07, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Карлуш Кейруш - Иран ұлттық футбол командасының жаңа бас бапкері

Иран ұлттық футбол командасының медиа менеджері Карлуш Кейруштің осы команданың бас бапкері болып таңдалғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның футбол ұлттық құрамасының медиа менеджері Мұхаммад Джамаат Твиттерде: «Иран футбол федерациясы Драган Скочичке үздіксіз күш-жігері мен әлем чемпионатына көтерілуі үшін алғысын білдіреді. Бірақ басқарманың шешімімен жаңа бас бапкер болып Карлуш Кейруш сайланды»,- деп жазды.

Джамаат Иран ұлттық құрамасы ойындарының, Кейруштің бас бапкері басқарған алдыңғы екі әлем чемпионаты сияқты, халықтың көңілінен шығып, жақсы ойын көрсете алатынына сенім білдірді.