Канадада пышақтау оқиғасына қатысты бар екінші күдікті ұсталды
Қыр 08, 2022 18:36 Asia/Almaty
Канадада төрт күн бұрын болған пышақтау оқиғасында 10 адам қаза тауып, 18 адам жараланды. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр.
Осы аралықта Майлз Сандерсонның ұсталмауы Канаданың батыс өңіріндегі тұрғындарды қатты алаңдатқан.
Канада Премьер-министрі халықты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сандерсон ұсталғаннан кейін алған жарақатының ауырлығына байланысты көз жұмды. Пышақтау оқиғасына қатысты бар деген екінші адам, яғни Сандерсонның інісі оқиға орнында өлтірілген болатын. Қылмыскерлер Канада қоғамының байырғы тұрғындары саналады. Канада үкіметі оларға қатысты кемсітушілік саясат ұстанатынына байланысты әлем халықтарының сынына ұшырап отыр.
Тегтер