Украина астығы тиелген кемелер бай елдерге бет алды
(last modified Sat, 10 Sep 2022 13:16:42 GMT )
Қыр 10, 2022 19:16 Asia/Almaty
  • Украина астығы тиелген кемелер бай елдерге бет алды

Африка мен Латын Америкасының көптеген елдері Ресей мен Украина порттарынан астықтың келуін күтіп отырғанда, Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдерінің кедей елдерге астық жөнелту міндеттемелерін орындамайтынын мәлімдеді. Путин: «Украинаның 87 астық кемесінің екі кемесі ғана кедей елдерге кеткен»,- деді.

 

Ресей мен Украина бидай, жүгері және тағамдық май сияқты стратегиялық азық-түлік өнімдерін жеткізуде маңызды рөл атқаратындықтан, 2022 жылдың ақпан айының соңында Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан кейін Украина арқылы азық-түлік тауарларының экспорты күрт төмендеді. Бұл мәселе әлемдегі азық-түлік дағдарысының маңызды проблемасының қалыптасуына себеп болды. БҰҰ есебіне сәйкес, Украинадағы соғыс азық-түлік бағасының  әлем бойында ең жоғары деңгейге қымбаттауына себеп болды. Осылайша, әлемдегі бір миллиард 700 миллион адам, оның үштен бірі кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, азық-түлік тапшылығына ұшырайды.   Ресей мен Украинаның бидай импортына тәуелді болған 36-дан астам ел ауыр зардап шекті. Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жалғасуымен астық пен химиялық тыңайтқыштардың жетіспеушілігі әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе Африка елдеріне әсер етті. Сондықтан жақында Африка одағының басшысы Африка елдеріне қажетті астықты экспорттау мен жеткізуді сұрау үшін Мәскеуге барды.  Сонымен қатар жанар-жағармай құнының өсуі мен Украина порттарының қауіптілігіне байланысты басқа елдер де астық пен азық-түлік тапшылығына тап болды. Дағдарыс жағдайына байланысты көптеген консультациялардан кейін  Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу әлемдік астық дағдарысын шешу үшін Стамбұлда БҰҰ-мен және Түркиямен Украина астығын экспорттау туралы келісімге қол қойды. Тиерри Пауч, экономист бұл тұрғыда былай дейді: «Әлеуметтік жағдайларды ұйымдастырудың негізгі мәселесі - азық-түлікке қол жеткізу. Әрине, азық-түлікке қол жеткізуде барлық елдер бірдей емес»,- деді.

Батыс елдері Ресейді әлемдегі азық-түлік тапшылығы мен дағдарысқа жауапты деп көрсетуге тырысып жатқанымен, өздері азық-түліктің кедей және дамушы елдерге жетуіне жол бермеуде. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Батыстың Ресейге салған санкциялары елдің астық экспортына тосқауыл қойды. Азық-түлік дағдарысы батыс елдерінің қателіктерінің салдарынан орын алды»,- деп мәлімдеді. Путин  Ресейдің әлемдік нарыққа шамамен 50 миллион тонна астық пен екі миллион тонна аммиак экспорттауға дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ ол Батысты келісімді пайдаланып, бидайды кедей елдердің орнына Еуропаға жөнелтуімен айыптады.  Азық-түлік дағдарысы қайтадан күшейіп, батыс елдерінің жаулық саясаты жалғаса берсе, астық тасымалдау келісімі қайта қаралатын сияқты.

Тегтер