ИИР Президенті: Теһран мен Мәскеудің экономикалық ынтымақтастығы екі ел үшін пайдалы
ИИР Президенті Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтарының кеңеюін екі халық пен аймақ елдері үшін пайдалы деп бағалады.
Раиси Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 22-ші саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық салаларына шолу жасай отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы, әсіресе банк ісі, құрлық және теңіз тасымалы, кеден және энергетика салаларындағы айтарлықтай ілгерілеушілікке ризалығын білдірді. Иран Президенті НАТО-ның экспансионистік саясаттарына шолу жасап, Кавказдағы өзгерістерге тоқталып: «Аймақ геосаясатындағы кез келген өзгеріс – тұрақсыздыққа әкелетін және қабылданбайтын әрекет»,- деді.
Ресей Президенті де Ресей мен Иранның ұстанымдарын үйлесімді деп бағалап, НАТО-ның шектен шығуының қауіптілігіне тоқталып: «НАТО-ның қоқан-лоққылары тек Еуропамен ғана шектелмейді, әлемнің басқа елдерін де қатысты»,- деді.