Раиси: Байденмен кездеспеймін
Иран Президенті Ибрахим Раиси БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші отырысы қарсаңында бір америкалық ақпарат құралына берген сұхбатында: "АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесу болмайды",-деп мәлімдеді.
CBS News арнасының хабарлауынша, Ибрахим Раиси осы ақпарат құралына берген сұхбатында: "Байденмен кездесу болмайды",-деді.
Ибрахим Раиси БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші отырысы аясында Байденмен кездесу ықтималы туралы сұраққа жауабында: "Мұндай кездесу болады деп ойламаймын. Кездесуді де, келіссөзді де пайдалы деп санамаймын",-деді.
Иран Президенті "Трамп үкіметі мен Байден үкіметі арасында қандай айырмашылық бар?" деген сұраққа жауабында: "АҚШ-тағы жаңа үкімет Трамп үкіметінен бөлекпіз деп уәж айтады. Ал біз іс жүзінде ешқандай өзгеріс көрген жоқпыз",-деді.