Парижде Әзірбайжан республикасының елшілігіне шабуыл жасалды
(last modified Mon, 19 Sep 2022 13:29:59 GMT )
Қыр 19, 2022 19:29 Asia/Almaty

Әзірбайжан республикасының Франциядағы елшісі Парижде елшіліктің ғимаратына шабуыл жасалғанын хабарлады.

Кавказда Ереван мен Баку арасында Қарабақ аймағына қатысты текетірес жаңа кезеңге аяқ басып, ортақ шекара бойында екі ел күштерінің ауқымды қақтығыстары болды. Екі тараптан 100-ге жуық адам қаза тапты.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әзірбайжан республикасының Франциядағы елшісі Рахман Мұстафаев Твиттердегі жеке парақшасында осы елдің Париждегі елшілігіне шабуыл жасалғанын хабарлап, тиісті суреттерді жариялады.

Мұстафаев армяндарды фанатизмнен бас тартуға шақырып: "Эммануэль Макрон, елшіліктерді қорғамау және біздің қауіпсіздігіміз туралы ақылған қонымды өтініштерімізді елемеу – Франция үшін ұят нәрсе",-деп жазды.     

Тегтер