Раиси: Иран сенімді кепілдіктерді талап етуге құқылы
(last modified Wed, 21 Sep 2022 11:23:50 GMT )
Қыр 21, 2022 17:23 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран сенімді кепілдіктерді талап етуге құқылы

Ядролық келіссөздер мәселесі мен сенім кепілдігін беру қажеттілігіне қатысты Иран президенті: «Келісімнен шыққан америкалықтар болды, сондықтан Иранның сенім кепілдігін талап етуге құқығы бар»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Нью-Йоркке сапарының екінші күні Ибрахим Раиси Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельмен кездесуінде Иранның ядролық мәселені, сондай-ақ Палестина, Ауғанстан, Йемен және Украинаға қатысты мәселелерді шешу ұсыныстарына тоқталып: «Сионистік режимнің кейбір елдермен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру талпыныстары бұл режим үшін қауіпсіздік тудыра алмайды»,- деп айтты. ИИР Президенті елдерге қарсы санкцияларды адамгершілікке жатпайтын және адам құқықтарын бұзу деп атап: «Иранға қарсы санкциялар  80 миллион ирандықтың құқықтарын әділетсіз бұзу және адам құқықтарын бұзудың ауыр мысалы болып табылады»,- деді.

Бұл кездесуде Чарльз Мишель де Раисидің адам құқығы мәселесін саяси құрал ретінде қолданбау туралы пікірімен келісіп: «Еуропалық Одақ пікірлерді жақындату арқылы ядролық келісімді қайта жаңғыртуға негіз дайындауға тырысты және осы бағытта Иранға қарсы санкциялар мәселесі әрқашан Ислам республикасының маңызды мәселесі ретінде қарастырылды»,- деді.

 

Тегтер