Раиси: Иран өзінің саяси өмірін ешбір күштің үстемдігімен реттемейді
(last modified Fri, 23 Sep 2022 07:48:25 GMT )
Қыр 23, 2022 13:48 Asia/Almaty

ИИР Президенті ИИР-ның саясатының шығыстық та, батыстық та емес екенін және Иранның саяси өмірі мен істері үдерісін ешбір күштің үстемдігімен реттемейтінін мәлімдеді.

IRNA-ның хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси Нью-Йоркте БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында: «Біз ешбір күштің билігінде болмаймыз және ешбір елді басқармаймыз»,- деп баса айтып: «Бүгінде адамзат қоғамы үстемшілдік пен әскери күш пен ақша үшін өзін қоғамға таңғысы келетін елдердің азабын тартуда»,- деді.

Раиси Иранның ядролық мәселесіне қатысты тағы бір сұраққа: «Қауіпсіздік істері шешілмесе және Иран Ислам Республикасына қауіп төнетін болса, талқыланып жатқан келісім тұрақты болмайды»,- деп жауап берді. Иран Президенті Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігі туралы сұраққа жауап беріп: «Иран Ислам Республикасы осы ұйымның мүмкіндіктерінен, әсіресе экономикалық және коммерциялық салаларда пайда көре алады»,- деді. Раиси Иранның Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына қатысты: «Соғыс аяқталуы керек, өйткені барлық дауларды келіссөздер арқылы шешуге болады»,- деп,  Теһранның соғысушы тараптар арасында арағайындыққа дайын екенін мәлімдеді.

 

Тегтер