Амир Абдуллахиан: АҚШ ерік-жігерін білдірсе, келісімге келуге болады
Қыр 24, 2022 02:48 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Норвегия Сыртқы істер министрімен санкциялардың күшін жою туралы кездесуінде Ислам республикасының ұстанымына тоқталып: «АҚШ ерік-жігерін білдірсе, келісімге келуге болады»,- деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан Анникен Хюитфельдпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қажет байланыстарды арттыруға дайындығын жариялап, ынтымақтастықты кеңейту үшін екі елдің түрлі мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігін қуаттады.
Норвегия Сыртқы істер министрі де бұл кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселені жылдамырақ шешу және ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады.
Тегтер