Иран Кабулдағы білім орталығына жасалған лаңкестік әрекетті айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кабулдың батысындағы ғылыми және білім беру орталығына жасалған лаңкестік әрекетті қатаң айыптады.
Жұма күні таңертең Кабулдың батысындағы Дешт Парчи аймағының білім орталығында лаңкестік жарылыс болып, кем дегенде 35 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.
Iran Press-тің хабарлауынша, Насер Канани Чафи бұл лаңкестік әрекетті айыптап: «Ғылыми сынаққа қатысып жатқан бейкүнә жастарға қастандық жасау діни ілімдер мен негізгі адами қағидаларға қайшы келетін жантүршігерлік әрекет болып табылады. Оны жасау осы қылмысты жасағандар мен жын лаңкестерді қолдаушылар үшін қара дақ болып саналады»,- деді.
Канани Чафи Талибан үкіметінің Ауғанстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін еске салып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдарға Алладан рақым, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.