Қазақстан мен Катар арасында 12 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Қазақстан Президенті мен Катар әмірі Астанада өткен екіжақты кездесуде 12 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Сани мен ол бастаған делегация біркүндік сапармен Астанаға барып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының қазіргі жағдайы және перспективасын егжей-тегжейлі талқылап, сауда, экономика, инвестиция, мәдениет және гуманитарлық көмек салаларындағы әріптестіктерінің болашағына баса назар аударды.
Тоқаев Доханы халықаралық қауымдастықтағы өте беделді мүше деп атап, катарлық компанияларға толық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеп, оларды Қазақстан жерінде ортақ инвестициялық жобаларды орындауға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Катар әмірі үкіметаралық комиссияның жұмысын күшейту керегін айтып, Қазақстанмен барлық салада жан-жақты байланысты одан ары дамытуға міндеттеме алатынын мәлімдеп, көпқырлы құрылымдар, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі аясында әріптестікті одан ары жалғастыруды қалайтынын білдірді.