Еуроодақ Украинаға қаржылай қолдауын жалғастырады
Қаз 16, 2022 17:59 Asia/Almaty
Еуропа комиссиясының басшысы Украинада соғыс басталғалы бері осы елге 19 млрд еуро көмек бергенін хабарлады.
Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ елшілерінің 2022 жылғы конференциясында сөйлеген сөзінде: «Еуроодақ ретінде шамамыз жеткенше және қажет болған жағдайда барлық құралдармен Украинаны қолдауымыз керек»,-деп мәлімдеді.
Урсула фон дер Ляйен: «Біз Украинада соғыс басталғалы бері Киевке қаржылай тұрғыдан шамамен 19 млрд еуро көмек көрсеттік»,-деді.