Қазақстан мен Түрікменстан арасында 14 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Қазақстан мен Түрікменстан Президенттерінің Астанада өткен екіжақты келіссөздерінде әртүрлі салаларда жаңа 14 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхаммедов Қазақстанға алғашқы ресми сапарында осы елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен келіссөз өткізді.
Тоқаев: «Бірнеше ғасырлық достыққа, тату көршілестікке, ортақ саяси және мәдени құндылықтарға сүйене отырып, екі ел мықты да үйлескен қарым-қатынас құрды. Бүгінде бұл үкіметаралық қатынастың үлгісіне айналып отыр»,-деді.
Сондай-ақ осы келіссөздер барысында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы талқыланды. Қос тарап бірлесе әрекет етіп, өзара сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуге келісті.
Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы ресми сапарының мақсатын барлық салада екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайту, жаңа жағдай мен даму үдерістерін назарға ала отырып, Орта Азия және халықаралық сахнада үкіметаралық әріптестік үшін айқын жоспар белгілеу деп мәлімдеді.