Канани: Иран Еуропаның ішкі іске араласушы қатынасына тиісінше жауап береді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Батыс елдерінің Еуропа мен Ирандағы бүліктерге екі түрлі ұстаным білдіретінін сынап: «Иран Еуропаның ішкі іске араласушы қатынасына тиісінше жауап береді»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи баспасөз отырысында Франция басшыларының Иранның ішкі өзгерістеріне қатысты ұстанымдарына және Францияның өз ішіндегі наразылықтар мен өзгерістерге және жұмысшылардың ереуілдеріне қатынасына тоқталып: «Егер Иранда бүлік туындаса, жақсы. Оған қатаң қатынас көрсетпеу керек. Ал егер Еуропада бүлік шықса, жаман. Оны жылдам басып тастау керек»,-деді.
Канани: «Бұрын Еуропа әдебиетінде терроризм жақсы және жаман деп бөлінетін. Жаңа жағдайда Батыстың саяси әдебиеті мен саяси қатынасында жаңа бөлініс байқалады: бүлік те жақсы немесе жаман екен»,-деді.
Ол сондай-ақ «Иран санкцияларды жою туралы келіссөздерді аяқталды деп санай ма?» деген сұраққа жауабында: «Санкцияларды жою туралы келіссөздер Иранның күн тәртібінен алып тасталмады. Келісімді жандандырып, барлық тараптарды қайтаруға жағдай бар. Бірақ Иран келісімді тосып отырмайды»,-деді.