Иран БҰҰ-дан №2231 қарарды теріс пайдалануға жол бермеуді сұрады
ИИР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хатында Украинаның БҰҰ сарапшыларын осы елге келіп, құлатылған ұшқышсыз ұшақтардың бөлшектерін тексеру туралы ұсынысы және оны Қауіпсіздік кеңесінің Иранның ядролық келісіміне қатысты №2231 қарарын орындаумен байланыстырудың аталмыш қарар аясында қандай да бір заңдық негізі жоқ екенін айтты.
Амир Саид Иравани осы хатта Иранның Украина соғысында бейтарап позиция ұстанып отырғанын Киев үкіметі ескермегеніне және дәлелденбеген деректер негізінде қате уәждер айтып отырғанына өкініш білдірді.
Иравани: «Украина Иранға қарсы негізсіз уәждер мен №2231 қарарды бір-біріне байланыстыру арқылы саяси мақсаттарды көздейді»,-деп еске салды.
Иравани БҰҰ Бас хатшысынан Украина соғысына байланысты №2231 қарарды теріс пайдалануға жол бермеуді сұрады.