Иран СІМ: Иран азаматтары Украинаға сапар шегуден бас тартсын
Қаз 21, 2022 16:22 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің консулдық бөлімі Украинада әскери қақтығыстар күшейіп, тынышсыздық артқаннан кейін Иран азаматтарына осы елге сапар шегуден бас тартуға кеңес берді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің консулдық бөлімі жұма күні: «Украинада әскери қақтығыстар күшейіп, тынышсыздық артқаннан кейін Иранның барлық азаматтарына осы елге сапар шегуден бас тартуға кеңес беріледі»,-деп мәлімдеді.
Осы мәлімдемеде Украинада тұрып жатқан Иран азаматтарына өз жаны мен қауіпсіздігін сақтау үшін елге қайтуға кеңес берілген.