Макрон: АҚШ Еуропаға газды 4 есе қымбат сатады
(last modified Sun, 23 Oct 2022 21:23:47 GMT )
Қаз 24, 2022 03:23 Asia/Almaty
  • Макрон: АҚШ Еуропаға газды 4 есе қымбат сатады

Франция Президенті АҚШ-ты Еуропаға экспортталатын газ бағасына қатысты екіқырлы критерий ұстанып отыр деп айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Эммануэль Макрон Бельгия астанасы Брюссель қаласында өткен Еуроодақ басшылары саммитінен кейін өткен баспасөз отырысында АҚШ-ты табиғи газ бағасына қатысты екіқырлы критерий ұстанып отырғаны үшін сынады.

Франция Президенті: «АҚШ-та газ Еуропаға ұсынылатын бағадан 3-4 есе арзанырақ сатылады. Бұл – екіқырлы критерий»,-деді.

Макронның айтуынша, осы мәселе пікірталас тақырыбына айналуы тиіс.

Франция Президенті: «Желтоқсан айында АҚШ-қа іссапармен барған кезде осы мәселені көтеремін»,-деді.

Францияда энергетикалық дағдарыс күшейе түсті. Халық өткен бірнеше күнде наразылық пен ереуілдер өткізді.  

 

Тегтер