Маранди Байденнің Иран туралы араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдірді
Қар 08, 2022 16:49 Asia/Almaty
Иранның келіссөздер тобының кеңесшісі АҚШ президентінің Ирандағы соңғы оқиғаларға қатысты араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдіріп, оны «бос талпыныс» деп атады.
Iran Press-тің мәліметінше, Сейед Мұхаммад Маранди АҚШ президенті Джо Байденнің Иранға қатысты араласушылық мәлімдемелері туралы Twitter-де: «Иранды тұрақсыздандыру мақсатты соңғы әрекеті шетелдік қақтығыстар мен ішкі алауыздыққа батқан құлдырап бара жатқан империяның соңғы демі болды»,- деп жазды.
Джо Байден жақында Калифорниядағы митингіде: «Алаңдамаңдар, біз Иранды азат етеміз. Жақында олар өздерін босатады»,- деді.