Ресей Федерациясы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Теһранға келді
Қар 09, 2022 15:36 Asia/Almaty
Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев сейсенбі күні кешке ИИР Жоғарғы жетекшісінің өкілі және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы адмирал Әли Шамханидің ресми шақыруымен Теһранға келді.
Ресей Федерациясы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы бұл сапарында ирандық әріптесімен кездесуімен бірге Иранның жоғары лауазымды саяси және экономикалық қайраткерлерімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту мен кеңейту мәселелерін талқылайды. Бұл сапарда Николай Патрушевпен бірге ресейлік экономикалық институттардың бір бөлігінің шенеуніктері келді.