Стамбұлдың Таксим алаңына бомба қойған адам құрықталды
(last modified Mon, 14 Nov 2022 14:36:48 GMT )
Қар 14, 2022 20:36 Asia/Almaty

Түркия басшылары: "Кеше Стамбұлдың Таксим алаңына бомба қойған бір әйел адам болып шықты. Түркия азаматы Джиян Тосун – күрдтер тұратын Диярбакыр облысының тумасы",-деп мәлімдеді.

Түркия үкіметі: "Бұл оқиғада 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланды",-деп мәлімдеді.

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу Стамбұлда өткен баспасөз отырысында: "Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясы (РКК) осы жарылысқа жауапты",-деп уәж айтты.

Сойлу АҚШ үкіметін Стамбұлда жасалған жарылыс пен адамдардың қаза болуын қолдауына байланысты сынап: "Вашингтонның осы жарылысқа қатысты Түркия үкіметі мен халқына көңіл айту хаты шын мәнінде қылмыскердің қылмыс орнына қайта оралуымен бірдей",-деді.